Қазақстанда бір күнде 500-ден аса адам коронавирустан айықты
Бүгінде эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Елімізде бір күнде 500-ден аса адам COVID-19-дан айықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 49 жағдайы тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 19,
- Алматыда – 11,
- Ақмола облысында – 3,
- Жетісу облысында – 1,
- Қарағанды облысында – 7,
- Қостанай облысында – 4,
- Павлодар облысында – 2,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1,
- Түркістан облысында – 1.
Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 1 392 554-ке жетті.
Сондай-ақ 517 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 55,
- Алматыда – 31,
- Жамбыл облысында – 11,
- Батыс Қазақстан облысында – 119,
- Қарағанды облысында – 55,
- Ұлытау облысында – 17,
- Қызылорда облысында – 2,
- Маңғыстау облысында – 5,
- Павлодар облысында – 51,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 171.
Елімізде барлығы 1 365 645 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.