Ол финалда 74 кг салмақта румыниялық балуаннан басым түсті
Абай облысының полиция қызметкері қазақ күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлем чемпионаты 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтіп, оған 20 елдің спортшылары қатысты.
«Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті», – делінген хабарламада.
Сафуан Мұратбеков – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.