×

«Канеломен» айқастан кейін Головкин әлемдік рейтингте жоғарылады

Головкин Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.

 Халық үні 19.09.2022 | 06:47
Фото: inform.kz

BoxRec.com порталы салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқасқа дейін аталған тізімде сегізінші орында тұрған болса, Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.

Boxrec-тің P4P жаңартылған рейтингі:

1. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Ресей)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Геннадий Головкин (Қазақстан)
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
7. Эррол Спенс-младший (АҚШ)
8. Наоя Иноуэ (Жапония)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Головкин – Альварес жекпе-жек кешінің андеркартында АҚШ өкілі Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов те (18-1, 14 КО) Boxrec.com рейтингінде бірден 37 сатыға көтерілді.

Головкин - «Канело» жекпе-жегі Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама