×

Операция жасатады: «Канело» Головкинмен айқаста жарақат алды

Енді мексикалық боксшыға операция жасату қажет

 Халық үні 18.09.2022 | 20:50
Фото - championat.com

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жекте сол қолын жарақаттап алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Енді мексикалық боксшыға операция жасату қажет. 

Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті ыдыс да ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ мен жауынгермін, - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Головкин - «Канело» жекпе-жегі бүгін Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама