Операция жасатады: «Канело» Головкинмен айқаста жарақат алды
Енді мексикалық боксшыға операция жасату қажет
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жекте сол қолын жарақаттап алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Енді мексикалық боксшыға операция жасату қажет.
Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті ыдыс да ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ мен жауынгермін, - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Головкин - «Канело» жекпе-жегі бүгін Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.