×

72 жастағы жаяу саяхатшы Бейнеуге жетті

Қария сапарын наурыздың 31-іне бастаған

 Динара Амантай 18.09.2022 | 15:27
Фото: Instagram/ulytaumen

Қазақстанды жаяу аралауға шыққан саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылына жетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар Бейнеуге бара жолда 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашовты жол бойында кездестіргенде таңғалған. Жолына су мен ақша беріп, Ақтауға шығарып салған.

Еске сала кетсек, 72 жастағы темір ұстасы, реставратор Сәрсенбай Қотырашов Ақтауға жаяу сапарын наурыздың 31-і күні туған жері Қарағанды облысының Ұлытау ауылынан бастаған болатын.

Осы аптада Сәрсенбай Қотырашовты Атырау облысындағы Доссорда Маңғыстау тұрғыны күтіп алды. Зейнеткердің өзінің айтуынша, ол Ақтауға 10 күннен кейін келеді деп күткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама