×

Президент Головкинге қолдау көрсетті

Мемлекет басшысы әйгілі боксшыға телефонмен хабарласты

 Динара Амантай 18.09.2022 | 11:10
Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы шаршы алаңға шыққан Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.

Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз! - деді Президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін өткізгіп, бұл дода төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен Альварестің жеңісімен аяқталғаны туралы хабарладық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама