Жекпе-жек Лас Вегас қаласында өтті
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Головкин мен Канело үшінші рет Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында кездесті. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен Альварестің жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Сауль «Канело» Альварес кәсіпқой мансабындағы 58-ші жеңісіне қол жеткізіп, 168 фунт салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қорғап қалды, ал Геннадий Головкин екінші рет жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Головкин мен Канело арасындағы алғашқы жекпе-жек даулы есеппен аяқталып, 2018 жылы төрешілер көпшіліктің шешімімен жеңісті мексикалыққа берген болатын.