Ақтаулық әскерилер Головкинге ерекше қолдау білдірді (ВИДЕО)
300-ден астам әскери қызметші GGG әріптері ретінде алаңда сап түзеп тұрды
Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері боксшы Генадий Головкинге жекпе-жегі алдында қолдау білдіріп, флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 300-ден астам әскери қызметші GGG әріптері ретінде алаңда сап түзеп тұрды.
«Біз, Қарулы күштердің әскери қызметшілері, отандасымыздың жетістіктерін жіті бақылап отырамыз. Біз – өз еліміздің жауынгерлері, Қазақстанның бейбітшілігі мен тыныштығын қорғаймыз, ал Геннадий Головкин әлемдік аренада Туымызды көтеріп келеді. Біз оған қолдау білдіреміз және жеңісіне сенеміз», - деді гвардиялық теңіз жаяу әскері құрамасының командирі подполковник Жаннұр Сатқынов.
Әскери қызметшілер үшін бокс маңызды рөл атқарады. Ол қайсарлықты, тәртіпті, жеңіске жетуге деген ұмтылысты қалыптастырады.
Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.
GGG мен «Канело»-ның 2017 жылы өткен алғашқы айқасы төрешілердің түрлі дауысымен тең аяқталған еді. 2018 жылы болған рематч төрешілердің басым дауысымен Альварестің пайдасына шешілді. Трилогия суперорта салмақта (бірінші және екінші кездесулер орта салмақта өткен болатын) өтеді. Қазір бұл санаттағы барлық чемпиондық титул «Канелоға» тиесілі. Ал Головкиннің еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы белдіктер