×

Путин ШЫҰ саммитінде Украинадағы соғыс барысын түсіндірді

Шабуыл операциясы тоқтамайды, бірақ біз асықпаймыз деп отыр

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2022 | 18:25
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқандтағы саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында Украинадағы соғыс мақсатын «Донбастың бүкіл аумағын азат ету» деп түсіндірді.

Оның айтуынша, «арнайы әскери операцияның» жоспары түзетілмейді екен. Ресейдің Украинадағы әрекетін «қандай да бір ескерту емес, арнайы әскери операция» деуден танбай отыр. Тіпті, ресейлік тарапты «азаматтық инфрақұрылымға қарсы терактілер жасау әрекеттеріне тап болып отыр» деп «мүсіркеді». Айтуынша, оның бәрі уақытша болғандықтан, Ресей салқынқанды жауап бермек көрінеді.

Осы процесте жедел шешімдер қабылданып жатыр. Шабуыл операциясы тоқтамайды, бірақ біз асықпаймыз. Жақында Ресей Федерациясының Қарулы Күштері бірнеше сезімтал соққы берді. Біз мұны әзірге ескерту деп санаймыз, – дейді Путин.

Осылайша, ол өзінің қанқұйлы соғысты тоқтататын түрі байқалмайтынын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама