«Бір ғана шешім арқылы...». Путин ЕО-ны санкцияларды алып тастауға шақырды
Бұл мәлімдемені Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитінде жасады
Ресей президенті Владимир Путин ЕО елдерін «Солтүстік ағын-2» газ құбырына қатысты санкцияларды алып тастауға шақырды.
Бұл мәлімдемені ол кеше Самарқанда өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитінде жасады. Айтуынша, егер қажеттілік туындап тұрса, ЕО шектеулерді оңай жеңілдете алады. Сөйткен жағдайда «Газпромның» да, Ресейдің де келісімшартқа сәйкес барлық міндеттемелерді орындайтынын уәде етті Владимир Путин.
«Солтүстік ағын-2» газ құбырына қатысты санкцияларды алып тастасын. Сол бір ғана шешім арқылы жылына 55 млрд текше метр газ жеткізілетін болады, - деп қысқа қайырды сөзін Ресей президенті.
Еске сала кетсек, 22 ақпанда «Солтүстік ағын-2» газ құбырын сертификаттауды Германия тоқтатқан болатын.