Тәжік сарбаздары екіжақты уағдаластықтан кейін де қырғыз ауылын нысанаға алды
3 минометпен атқылаған
Атысты тоқтату туралы қол жеткізілген уағдаластыққа қарамастан, Тәжікстан тарапы қырғыз ауылдарына оқ жаудыруын тоқтатқан жоқ. Бұл туралы бүгін 24.kg хабарлады.
Сайт мәліметінше, Баткен ауданының Достық ауылына тәжік тарапынан минометтен оқ атылған. Бұл оқиғаны Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі растап отыр. Айтуларынша, тәжік тарапы ауылға соңғы рет 3 минометтен оқ жаудырған көрінеді.
Еске сала кетсек, бұл екі ел арасындағы жағдай 16 қыркүйекте таңертең ушығып кеткен еді. Содан кейін Қырғызстанның ДСМ өкілі Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс кезінде өздерінен 24 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.