Ел президенттері Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, кейін тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптады
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан 24 адам қаза тапты, деп хабарлады РБК.
Жедел мәліметтер бойынша Баткен облысы денсаулық сақтау ұйымдарына 24 адамның денесі жеткізілген: Баткен облыстық бірлескен ауруханасына — 12, Лейлек жалпы дәрігерлік тәжірибе орталығына — 10, Кулунду жалпы дәрігерлік тәжірибе орталығына — 2 адамның мәйіті түскен.
Тәжікстан және Қырғызстанның арасындағы шекара ұзындығы 970 шақырымды құрайды. Кеңес одағы ыдырағаннан бері 2 ел әлі күнге дейін шекара шебін белгілемеген. Соның салдарынан олардың арасында аумаққа қатысты наразылық жиі туады. Жергілікті халық қақтығысып қалады.
Шекарадағы жағдайдың кезекті ушығуы 14 қыркүйекте таңертең басталды. Қырғызстан Тәжікстан шекарашылары елдің Баткен ауданына басып кірді десе, Тәжікстан Исфарин ауданындағы шекарашыларды оқтың астына алғанын хабарлады.
Шекарадағы жағдай 16 қыркүйекке қараған түні одан сайын ушықты. Таңертең ел президенттері Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, кейін тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптады.