Алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы Роберт Гутник пен 40 жастағы Рамин Пашаев іздестірілуде
Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы Роберт Гутник пен 40 жастағы Рамин Пашаев іздестірілуде.
«Егер іздеудегі адамдар туралы ақпарат болса, 8(7182) 39-12-41, қылмыстық іздестіру бөлімі 39-12-32, 8-777-600-54-22 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері алдын ала көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, қылмыскерлер туралы ақпарат берген адамға құпиялыққа кепілдік береді.