Путин Украинадағы қақтығысты тезірек тоқтатқысы келетінін мәлімдеді
Путин Үндістан үкіметінің басшысына Украина билігінің келіссөздерден бас тартқанын және өз мақсатына әскери жолмен жетуді көздеп отырғанын айтты
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың тезірек аяқталуын қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесуінде айтты, деп хабарлады Reuters.
Путин Үндістан үкіметінің басшысына Украина билігінің келіссөздерден бас тартқанын және өз мақсатына әскери жолмен жетуді көздеп отырғанын айтты.
«Мен сіздің Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымыңызды және алаңдаушылығыңызды білемін. Біз осының бәрі мүмкіндігінше тезірек аяқталғанын қалаймыз", - деді Ресей президенті Үндістан премьер-министріне.
16 қыркүйекте Путин Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.