Алматыда 39 жастағы әйел қылмыстық топты басқарған

Халық үні

Есірткіні сатып алып, сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы әйел есірткі өндіру ошағын ұйымдастырғаны және қамтамасыз еткені үшін ұсталды

ашық дереккөзден

Алматылық әйел синтетикалық есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы қаласы Түрксіб ауданының тұрғыны есірткі өндіру ошағын ұйымдастырғаны үшін ұсталды.

Есірткіні сатып алып, сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы әйел есірткі өндіру ошағын ұйымдастырғаны және қамтамасыз еткені үшін ұсталды. Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ тергеу бөлімінде ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел адам үйін нашақорларға беріп, синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. “Соңғы сатып алуда” күдікті мен оның досы тұрақты тұтынушыға ақ ұнтақты және ерекше иісі бар полиэтилен бумасын сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – синтетикалық есірткі, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ұсталған сәтте үйдің ішінде пәтердің иесінен басқа үш ер адам болған. Олар есірткіге масаң күйде болды. Рұқсат етілген тінту кезінде полиция қызметкерлері 19 медициналық пипетка мен шприц тәркіледі.