×

Қытайда биіктігі 200 метрлік зәулім ғимарат 20 минутта өртеніп кетті

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биіктігі 200 метрлік ғимарат 20 минут ішінде қызыл жалынға оранған.

 Халық үні 16.09.2022 | 22:47
Фото: видеодан алынды

Қытайдың Хунань провинциясының Чанша қаласында биіктігі 200 метрлік 44 қабатты зәулім ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлады Сhina Huanqiu.

Жалынға оранған ғимаратта China Telecom мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясының кеңсесі орналасқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биіктігі 200 метрлік ғимарат 20 минут ішінде қызыл жалынға оранған.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Кейбір деректер бойынша ғимаратта серверлерге арналған 35 тонна отын сақталған. Өрттің тез таралуына сол себеп болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама