Іріктеу кезеңіне барлығы 77 спортшы қатысты
Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Елжаңа Таниева көпсайыстан финалға шықты.
Жекелей сында Қазақстан атынан Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы сынға түсті.
Іріктеу қорытындысы бойынша Таниева 14-орынға орналасып, финалға шықты. Ал Айбота Ертайқызы барлық жаттығуды қатесіз орындап, 24-орында қалды.
Іріктеу кезеңіне барлығы 77 спортшы қатысты. Финалға тек 18 гимнаст жолдама алады.