Halyq Uni логотип
×

Алаяқтар марқұмның 1 млрд теңгесін жымқырмақ болған

Олар жалған құжаттар жасаған

 Дәурен Ерболат 16.09.2022 | 16:53
Алаяқтар марқұмның 1 млрд теңгесін жымқырмақ болған
Фото: irbistv.kz

Алматыда алаяқтар қайтыс болған әйелдің банк шотынан талап арыз беру арқылы 1 млрд теңге жымқырмақ болды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Көз жұмған А. есімді әйелдің берешегі болмаған. Алайда күдіктірлер пайда табу үшін жалған құжаттар жасап, талап арыз берген. Медеу аудандық соты бұл іске қатысты үкім шығарды.

Жеке сот орындаушысының өкімі нәтижесінде банк ақшаны өндіріп алушыға аудару үшін сот орындаушысының ағымдағы шотына аударды. Жәбірленушінің жұбайы алаяқтардың арам ойының жүзеге асуына кедергі келтірді. Ол дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінген. Нәтижесінде күдіктілер кінәлі деп танылып, әртүрлі жылға сотталды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама