Назарбаев елорданың бас мешітіне барды

Халық үні

Мешіт 2022 жылдың 12 тамызында ашылды

фото: twitter.com/Aidos_Ukibay/

Бүгін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы бас мешіттегі жұма намазына қатысты. Бұл туралы ҚР тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Қазақстанның тұңғыш президенті 13-15 қыркүйек аралығында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің мәртебелі қонағы, әл-Азһар университетінің жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды.

Айта кетейік, елордадағы мешіттің іргетасын 2019 жылы 18 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өзі қалаған еді. Мешіт 2022 жылдың 12 тамызында ашылды. Оның ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев барды.

Мешіт елорданың сол жағалауында бой көтерді. Бұған дейін мешіт Қабанбай батыр және Мәңгілік ел даңғылы аралығындағы 10 гектар жерге салынды. Мешіттің жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар, мұнарасының биіктігі – 130 метр.

Мешіттегі ашық алаңда шамамен 200 мың адам, ішінде 35 мың адам бір мезетте намаз оқи алады. 

Сондай-ақ мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді.