Қырғыз-тәжік шекарасында тағы бір жауынгер қаза тапты
Мемлекет басшылары қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді
Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында тағы бір жауынгер қаза тапты.
Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
Қырғызстан тарапының минометтен атқылауы барысында екі тәжік шекарашысы қаза тапты және тағы алтауы жарақат алып қалды, – деп хабарлады жергілікті билік.
Мұның алдында, сәрсенбі күні қырғыз шекара қызметі Тәжікстанмен шекарада қарулы қақтығыстың болғаны хабарланған еді. Тәжікстан тарапы өз кезегінде қырғыз шекарашыларын тәжік шекара заставаларын негізсіз атқылады деп айыптады.
Оқиға орнына Баткен шекара жасағының басшысы аттанды. Онда Баткен облыстық шекара қызметінің бастығы мен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерлері Соғды облыстық басқармасының бастығы телефонмен сөйлесті.
Кеше Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді. Алайда жергілікті тұрғындардың айтуынша, екі жақтан да атыс әлі болып жатыр.