Нэнси Пелоси Арменияға барады

Дастан Жұмабекұлы

Ондағы мақсаты – Пашинянға қолдау көрсету

Фото: politico

Жақын арада АҚШ конгрессі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Арменияға барады.

Бұл туралы «Politico» басылымы хабарлады.

Ондағы мақсаты – Арменияға қолдау көрсету. Оның Ереванда Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен және үкімет мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

Бұл –  Пелосидің Тайвань мен Жапониядан кейінгі кезекті шетелдік сапары.