Әлем чемпионатында Жәмила Бақберенова күміс жүлдегер атанды
Отандасымыз екінші жыл қатарынан құрмет тұғырына көтерілді
Сербияның астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында әйелдер арасында 57, 59, 68 және 72 килода белдесулер өтіп, 72 кг салмақта финалға шыққан Жәмила Бақбергенова АҚШ балуаны Амит Элордан ұтылды. Сөйтіп, Жәмила екінші жыл қатарынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, еркін күрестен өткен белдесулерде Куба, Испания және Сан-Марино балуандарын ұтып, ширек финалға шыққан Азамат Дәулетбеков (86 кг) АҚШ елінің өкілі Дэвид Тейлорға таза ұтылып қалды. Енді Азамат Түркия және Италия балуандарының жеңгенімен қола жүлдеге таласатын болды.
Осы жолы алтын медальға үміткер саналған тағы бір балуанымыз атыраулық Сырбаз Талғат (70 кг) жұбаныш белдесуінде үнді Навин Навинді жеңсе, өзбек Ильяс Бекболатовпен кездеседі. Ол Ильястан айласын асырса, қола жүлде үшін белдесуде қырғыз Эрназар Акматалиевпен күреседі.
Аса ауыр салмақтағы Олег Болтин да жұбаныш белдесуінде өзбек Хасанбой Рахимовты ұтса, қола жүлде үшін грузин Гено Петрашвивлимен кездеседі.
Бұдан басқа еркін күрес балуандары 57, 74, 92 кг салмақта күш сынасады. Бұл салмақтарда Рахат Қалжан, Нұрқожа Қайпанов пен Әділет Дауланбаев кілемге шығады.