Енді тест сұрағында 4 жауаптан көрсетіледі
Келесі жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің тест тапсырмалары құрылымына өзгерістер енгізілеі.
Нәтижені тиімді бағалап, нақты талдау жасау үшін тест тапсырмаларында жауап нұсқаларының санын азайту туралы шешім қабылданды.
«Яғни нұсқалар саны бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда 5-тен 4-ке дейін, ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда (үш дұрыс жауаптан көп емес) 8-ден 6-ға дейін азайтылады», - деп көрсетті Ұлттық тестілеу орталығы.