Қарымта шабуылға шықты: Украина Ресей әскерінен 400-ге жуық елдімекенін қайтарды
Украина армиясы қыркүйектің 6-нан бері шабуылдап жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуді Кривой Рог қаласын суға батырғысы келді деп айыптады.
Өйткені, ресейліктердің зымырандық шабуылына «гидротехникалық инфрақұрылым нысандары ұшырап», Ингулец өзенінің деңгейі көтерілген.
Мәскеу болса, көрші елде азаматтық нысандарды әдейі көздеді деген мәліметтерді үнемі жоққа шығарып келеді.
Ал Харьков облысында Украина армиясы қыркүйектің 6-нан бері 8 жарым мың шаршы шақырым аумақ пен 388 елдімекенді Ресей әскерінен азат еткен.
Қазір украин жауынгерлері шығыстағы Донбасс пен оңтүстіктегі Херсон облысын қайтару үшін қарымта шабуылға кірісіп жатыр.