×

Қаланың атауы халықтың көңілінен шығатындай болуға тиіс – Қарақат Әбден

Тарихта мұндай жайттар жиі болатынын түсінуіміз керек, дейді ол

 Халық үні 15.09.2022 | 23:01
фото: massaget.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен ономастикалық комиссия мүшелері, қоғам белсенділерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп ауыстыру туралы қоғамдық тыңдау өтті.

Елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы бастаманы Мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы көтерген болатын. Бүгін өткен қоғамдық тыңдауға қатысқандар бас қаланың бұрынғы Астана атауын қолдайтынын айтты. VI шақырылымдағы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі Қарақат Әбденнің айтуынша, қоғамдық тыңдау барысында әрқилы пікір айтылды.

Тарихта мұндай жайттар жиі болатынын түсінуіміз керек. Мәселен, Санкт-Петербор, Берлинді мысалға келтірсек болады. Ең маңыздысы – тұрғындардың көзқарасы. Әлеуметтік желіде де бұл ұсыныс көптеген адамнан қолдау тауып отыр. Президент аз уақытта ахуалды саралай білді. Қаланың атауы халықтың көңілінен шығатындай болуы керек», – деді Қарақат Әбден.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама