×

«Самұрық-Қазына» Ресейге қарсы санкцияны бұзатын барлық жобадан шығуға дайын – Сәтқалиев

Компания санкция талабын толық сақтап отыр

 Дәурен Ерболат 15.09.2022 | 17:51
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қор Ресейге қарсы санкцияны бұзатын барлық жобадан шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, портфельдік компанияларға заң компаниялары тартылған. Олар жанама санкцияға түспес үшін қор бекітетін келісімшарттарды бақылайды әрі оларға сараптама жүргізеді.

Санкцияға ілігуі мүмкін әлеуетті серіктестермен немесе санкциялық тұлға саналатын акционерлермен жасалатын қазіргі келісімшарттарға «санкциялық ескертпе» енгізілген. Ол «Самұрық-Қазына» мен портфельдік компанияларының жобалардан шығынсыз шығуын көздейді, - деді Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма төрағасы «Самұрық-Қазына» қоры Сыртқы істер министрлігімен, АҚШ-тың шетелдік активтерді бақылау басқармасымен, шет елдердің елшілерімен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Тіпті, қор активтері мен компанияларының санкцияға ілігуіне жол бермеу үшін тиісті консультациялар жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама