×

Қазақстан футбол федерациясы ФИФА-ның семинарына қатысып жатыр

Басқосудың мақсаты -  ұлттық қауымдастықтар арасында өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 17:11
фото: kff.kz

Халықаралық футбол федерациясының Францияның астанасы Париж қаласындағы кеңсесінде ФИФА-ға мүше еуропалық қауымдастықтардың өкілдеріне арналған семинар болып жатыр.

Бұл басқосуға Қазақстанның атынан Футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев пен мекеменің халықаралық департамент директоры Аян Әлжанов барды.

Еуропалық футбол қауымдастықтарына ұйымдастырылған семинарда FIFA FORWARD 3.0. бағдарламасының даму кезеңдері мен жетістіктері туралы айтылды.

Күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі ФИФА мен ұлттық қауымдастықтар арасында өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру болды.

Сонымен қатар ФИФА өкілдері жас дарындарды дамыту, жасөспірімдер және қыздар футболы туралы жобаларды таныстырды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама