Иран ШЫҰ-ға мүше болды

Дастан Жұмабекұлы

ИИР 2005 жылдан бері ұйымға бақылаушы мемлекет болған еді

фото: ашық дереккөз

Бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Иранның ұйымға мүше мемлекет мәртебесін алу бағытындағы міндеттемелері туралы құжатқа қол қойды.

ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин осы құжаттың Иран үшін де, ұйым үшін де маңызды екенін айтты.

Иран 2005 жылдан бері ШЫҰ-ның бақылаушы мемлекеті болған еді. Енд меморандумда қаралған барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін Иран Ислам Республикасы ШЫҰ-ның толық мүшесі болады.

Бұған дейін 14 қыркүйекте Ташкентте Египет Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне Шанхай ынтымақтастығы ұйымы диалогы бойынша серіктес мәртебесін беру туралы меморандумдарға қол қою рәсім болған.

Бүгін Самарқандта Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті болады.