Рыбакина WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты

Дастан Жұмабекұлы

Енді ол 1/2 финалға шығу үшін украиналық Леся Цуренкомен кездеседі

фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Словения Порторож қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен кездесіп, 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Елена Рыбакина бірінші партияда 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты геймді жеңді.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 92-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.