Рыбакина WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты
Енді ол 1/2 финалға шығу үшін украиналық Леся Цуренкомен кездеседі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Словения Порторож қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен кездесіп, 6:4, 6:1 есебімен ұтты.
Елена Рыбакина бірінші партияда 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты геймді жеңді.
Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 92-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.