×

Қостанай облысындағы өрт: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Аталған іске қатысты тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 15.09.2022 | 11:28
Фото: Halyq Uni / Нұрдәулет Әбікеев

Қостанай облысындағы табиғи өртке қатысы бар деген күдікпен жергілікті орман шаруашылығының басшысына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қостанай облысының прокуратурасымен 13 қыркүйекте «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы), – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сол күні мекеме басшысы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін, 15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Аталған іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама