×

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінде әнұранды Димаш Құдайберген орындайды

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05.00-де басталады

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 10:47
фото: instagram.com

Димаш Құдайберген Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі алдында Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындайды.

Еліміздің мақтаныштары бір алаңда бірге өнер көрсетпек!

Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығымыз бар.
Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo үшінші жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарлануда, –  деп жазылған dimash.news сайтының Instagram-дағы парақшасында.

Бұл кездесу Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) боалды. Жекпе-жекке IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес шығады.

Трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05.00-де басталады.

Боксшылар кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама