×

Азамат Сатыбалды ректор болды

Актер басшылық қызметке келді

 Халық үні 14.02.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Танымал актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!, – деп жазды ол фейсбектегі парағында.

АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ

1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014 жылы), Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002), Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

1997 жылы Жүргенов атындағы өнер академиясына түсіп, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрына дипломдық қорғауға жіберілді. 2001 жылы диплом алып, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актер болып орналасады.

2018 жылғы 27 желтоқсанда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. 

2017 жылы «Cinema 28» киностудиясын және 28 THEATRE атты жеке театрын ашты. Театрдың алғашқы қойылымы - режиссер Айдын Сахаманның Михаил Задорновтың дәл осындай комедиясынан сахналанған «Продайте своего мужа» спектаклі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30