15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік болады.
«Қазгидромет» РМК 15-17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклон Қазақстанның солтүстік жартысына ықпалын жалғастырады.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, - делінген хабарламада.
15-16 қыркүйек күндері республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік болады.