×

Қарағанды облысында ауруханада қайтыс болған ер адамға коронавирусқа қарсы екпе салған

Кінәлі тұлға  анықталмады

 Халық үні 14.09.2022 | 21:38
Фото: stan.kz

Теміртауда медицина қызметкерлері ауруханада жаңа ғана қайтыс болған науқасқа коронавирусқа қарсы екпе салған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Бас ал десе шаш алған дәрігерлердің ісін полиция тергеп жатыр. Бұл ақпарат коронавирусқа қарсы екпе салу туралы есептік жазбада тіркелген болып шықты. 59 жастағы ер адам былтыр 28 маусымда қауіпті індет салдарынан көз жұмған. Ал оған ертесіне вирусқа қарсы екпенің екінші компоненті егілген. Бұл қалжың ба, әлде қателік пе? Тергеушілер оның себебін бірнеше ай бойы тексерген. Нәтижесінде  Қылмыстық Кодекстің 385-бабы, яғни «жалған құжат жасау» бабымен іс қозғады. Алайда кінәлі тұлға  анықталмады. Медицина қызметкерлерінің ешқайсысы  мойындамаған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін барлық тергеу әрекеттері жүргізілді. Бірақ вакцина туралы ақпараттар базасы бар компьютерге барлық медицина қызметкерлері кіре алады екен. Сондықтан аталған іске кінәлі адамды анықтау мүмкін болмады, - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама