Қосымша күш тартылып жатыр: қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушықты

Халық үні

Соңғы ақпаратта екі тарап атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізіп жатқаны айтылған

Фото: azattyk.org

Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушықты. Екі тараптың әскерилері атысқан, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, «Достық» заставасы нысанаға ілігіпті. Қырғыз тарапы да қарсы қару қолданған. 

Мәлімдемеде атыс әлі жалғасып жатыр делінген. Ал Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті атысты қырғыз шекарашылары бастады деп айыптады. Тіпті олар шекараға қосымша күш тартып жатыр дейді. 

Қақтығыс болған аймақ таулы жерде орналасқандықтан, онда бейбіт халық тұрмайды. Соңғы ақпаратта екі тарап атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізіп жатқаны айтылған.