Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Ол 16 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – делінген Өкімде.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өткен болатын. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады.