Көгілдір отынды қосудың бағасы - 425 мың теңге
Алматы облысы Іле ауданының ауыл тұрғындары қолжетімді бағамен газға қосылады
Іле ауданы Қоянқұс ауылының тұрғындары бірнеше рет үйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Ауданда газдандыру мәселесімен «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы айналысады. Компания елді мекенге дейін газдандыруды жүргізеді, ал ауылдардағы ішкі газ құбырларын осыған арнайы лицензиясы бар жеке компаниялар қосады.
Қоянқұс ауылында «Ер-кай» ЖШС компаниясы жұмыс істейді. Әр үйге газ қосу тарифі олардың сметасы бойынша 1 млн теңгеге дейінгі сома болып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірге Алматы облысының газ шаруашылығы өкілдерімен кездескеннен кейін мәселе оң шешімін тапты.
Қоянқұс ауылында газдандыру бұрын жоспарланғаннан екі есе төмен бағамен жүргізеледі. Сөйтіп оның бағасы 425 мың теңге болды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына газды қосу бағасын бөліп төлеу мүмкіндігі берілді.