Бұл мәселе ертең мәслихатта қаралады
Ертең Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында қала атауын өзгертуге қатысты мәселе қаралады.
«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы», – делінген қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов қол қойған құжатта.