Halyq Uni логотип
×

Шекарадағы атыста Армения мен Әзербайжанда бірдей адам шығыны болды

Тараптарды АҚШ та, Ресей де ымыраға шақырып отыр

 Еркеғали Болатұлы 14.09.2022 | 15:12
Шекарадағы атыста Армения мен Әзербайжанда бірдей адам шығыны болды
фото: ашық дереккөз

Армения мен Әзербайжан арасындағы қарулы қақтығыста 100-ге жуық адам қаза тапты. Оның 49-ы – Армения жауынгерлері. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Николь Пашинян Парламент алдында мәлімдеді.

Соңғы 30 жылда екі рет соғысқан бұл екі мемлекет арасында кішігірім қақтығыстар жиі болып тұрады. Ресми Ереванның мәлімдеуінше, бұл жолғы қарулы жанжал толық аяқталмаса да біршама басылған. Қазір тараптарды АҚШ та, Ресей де ымыраға шақырып отыр.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі шайқастың басталуына Армения күштерінің шекара маңына шоғырланып, арандатушылыққа баруы себеп болғанын алға тартты. Ал қарсы жақ мұны жоққа шығарып отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, Әзербайжан тарапы да 50 сарбаз жоғалтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама