Мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер өткізеді
Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келді. Оны Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер өткізеді.
Сондай-ақ олар ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.
Кездесуде стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге, Қазақстан мен Қытай арасында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.
Бұл сапар – коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Қытай басшысы Си Цзиньпиннің алғашқы шетелдік сапары.