Ереуілшілер парламентті жауып тастайтындарын мәлімдеді
Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол Пашинянның импичмент рәсімін бастауды талап ететін акция өтті. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен оппозиция өкілдері ұлттық жиналыс ғимаратының кіреберісін жауып тастады.
Бұл туралы «Sputnik Армения» порталы хабарлады.
Акцияға 44 күндік соғыста қаза тапқан сарбаздардың туыстары мен бірқатар оппозициялық топтардың өкілдері қатысқан. Солардың кейбірі ұлттық жиналыс ғимаратының алдында түнеген.
Бүгін осы мәселеге байланысты Үкімет сағаты жоспарланып отыр.
13 қыркүйек күні Әзербайжан мен Арменияның КСРО кезінде жасалған әкімшілік шекарасында қарулы қақтығыс болған еді. Бұл екі елдің шекарасы әлі күнге дейін толық шешілмеген. Яғни, шекара бекітілмеген.