Halyq Uni логотип
×

Украина Ресеймен келісімнің барлық түрінен бас тартты

Зеленский Батысты одақтас болуға шақырды

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2022 | 11:22
Украина Ресеймен келісімнің барлық түрінен бас тартты
фото: radiosvoboda.org

Украина Ресеймен келісімге келудің барлық түрінен бас тартып, Батысты одақтас болуға шақырды.

Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.

Украина Ресеймен келісімнің барлық түрінен бас тартып, батыс елдерімен әскери одақтың бір түрін жасасуды ұсынады, –  делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, Киев кепіл ретінде АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Канаданы, Польшаны, Италияны, Германияны, Францияны, Австралияны және Түркияны көргісі келеді. Ол бұған сондай-ақ Балтық жағалауынан Батыс Еуропаға дейінгі елдерді қосылуға шақырады.

Бұл құжаттың биылғы наурызда талқыланған жобадан айырмашылығы, Украина енді бұдан ары Қырымның бұлыңғыр мәртебесіне «қол тигізбей» тұра тұруға келіспейді. Ол кезде Ресей әскерлері Киевтің түбінде тұрғанда Украина түбек жөнінде «келіссөздер» жүргізілуі мүмкін екенін айтып қалған.

Енді Жжаңа құжатта Украина қауіпсіздік кепілі елдің «халықаралық мойындалған» территориясын түгел қамтуы тиіс екенін талап етіп отыр.

БҰҰ жарғысына сәйкес, өзін өзі қорғай алуы үшін Украинаға қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде инвестицияға жүгіну қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама