Halyq Uni логотип
×

Рим папасы Абайдың сөзін мысалға келтірді

Ватикан және католик шіркеуінің басшысы әлем халқы әртүрлі дінге бөлінбей, бірлікті нығайтуы керектігін айтты

 Дәурен Ерболат 14.09.2022 | 11:16
Рим папасы Абайдың сөзін мысалға келтірді
Рим папасы, фото: akorda.kz

Рим папасы Франциск Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде ақшаның жолында адам өзін құрбандыққа шалмау керегін айтып, қазақтың ұлы ақыны Абайдың сөзін мысалға келтірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол коронавирус пандемиясынан кейін діннің рөлі қандай деген сұраққа көп ойланатынын айтты.

«Пандемия әлемдегі 4 проблеманың ішіндегі негізгісі болып саналады. Назарды соған аударғым келеді. Бұл бізге барынша бірігуді талап етеді. Абай айтқандай, біз мәңгілік емеспіз. Бәріміз әлсіз екенімізді сезіндік, көмексіз қалғанымызды түсіндік. Ешкім бұл тұрғыдан тәуелсіз бола алмайды. Сондықтан бұл мәселеде бірлікті нығайту керек. Біз бұл жолда одан әрі алға ұмтылуымыз шарт. Жария түрде барлық проблеманы бірге шешуіміз керек. Сондықтан дінге бейтарап қарамауға тиістіміз», - деді Рим папасы.

Рим папасы адамдар мәселені бірігіп шешу керегін жеткізді.

Адамның негізгі сипаты – оның әлсіздігі. Сондықтан билік пен мессиялардың құрбаны болмай, алға ұмтылуға тиіспіз. Біз қаржы табу жолында құрбан болмауымыз керек, - деді Ватикан және католик шіркеуінің басшысы.

Биыл съезге әлемнің 51 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Атап айтқанда Рим папасы Франциск, әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб, Израильдің бас ашкенази раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиыф, Иерусалим православие шіркеуінің патриархы Феофил III және басқа да көрнекті діни жетекшілер бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама