Президент өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады
Оларға ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан және содан жарақат алған өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Атап айтқанда, Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, осы бөлімнің бөлімше коОлармандирі Амангелді Тұрлыбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, аталған бөлімнің өрт сөндірушісі Нұрлан Сәлімжан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Осы жерде атап өтетін бір нәрсе, Абай облысының әкімдігі Айдос Тоғызбаевтың отбасына үш бөлмеді пәтердің кілтін де тапсырған болатын.