×

Денесінде сан жазылған масаның қайдан шыққаны анықталды

Біреулер оны «Билл Гейтстің масасы» деп атап кетті

 Халық үні 14.09.2022 | 07:50
фото: видеодан скриншот

Қазнетте денесінде сан жазылған масаның видеосына қатысты пікірталас бастылмай тұр. Жәндіктің арқасында 36 санынан ұқсас сан анық көрініп тұр. Біреулер оны «Билл Гейтстің масасы» деп атап кетті.

Stopfake порталы желіде қызу талқыланып жатқан жәндіктің қайдан шыққанын анықтады. Видеода маса емес, күміс қайың бітесі (Euceraphis betulae) болып шықты. Бозғылт жасыл немесе бозғылт сары түсті жәндіктердің денесінде өрнектерге және сандарға ұқсайтын тұтас және үзік-үзік қара көлденең сызықтар болады. Желіде тараған видеода бітенің арқасындағы өрнек 38 санына ұқсайды.

Осылайша, бітенің денесіндегі 36 немесе 38 сандары әдейі жазылмайды. Ал адам психикасы кездейсоқ және бір-бірімен байланысты емес заттардың мағынасын көруге бейім болады.
«Билл Гейтстің масаларына» келетін болсақ, ондай масалар бар. Бірақ олардың денелерінде реттік нөмірлер жоқ және басқа жәндіктерден еш айырмашылығы жоқ.

«Билл Гейтстің масалары» деп филантроп демеушілік ететін арнайы фермаларда өсірілген масаларды атайды. Бұл масаларға Wolbachia бактериясы әдейі жұқтырылады. Ол масалардың сары безгегі, денге безгегі, Зика вирусы және тағы басқа қауіпті ауруларды тасымалдауына жол бермейді. Ересек масаларды дала масаларымен аралассын деп әдейі табиғатқа жібереді. Осылайша, Wolbachia бактериясы масадан масаға жұғады, бұл өлімге әкелетін ауруларды таратуы мүмкін масалар санын едәуір азайтады», - делінген материалда.

Бүгінде Билл Гейтстің жобасы аясында Индонезияның Джокьякарта қаласында денге безгегі ауруы 77%-ға төмендеді, ал 2015 жылдан бастап осы диагнозбен ауруханаға жатқызулар саны 86% азайды.

Демек, қазір «Билл Гейтстің масалары» бар, бірақ олардың денесінде ешқандай нөмір жоқ. Бұл масалардың видеодағы бітеге ешқандай қатысы жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама