Украинаның қорғаныс күштері Харьков облысындағы 40 елді мекенді азат етті
Зеленскийдің айтуынша, қайтарылған аймақ бұдан да көп
Бұл туралы осы өңірдегі әскери әкімшіліктің басшысы мәлімдеді.
Оның сөзінше, қайтарылған аумақтың ауқымы бұдан да көп. Әскери іс-қимылдың мүддесі үшін бұл ақпарат құпия сақталып отыр.
Ал Президент Зеленскийдің мәліметінше, қыркүйектің басынан бері армия елдің шығысы мен оңтүстігінде 6 мың шаршы шақырымнан астам аумақты азат еткен.
Рейтердің дерегінше Ресей әскері бар күшін Донецк облысына шоғырландыра бастады.