Рим папасы Қазақстанға алғыс айтты
Тоқаев әлемдегі геосаяси жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті
Рим папасы Франциск өлім жазасын жойғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.
«Сіздің сапарыңыз осы мерейлі межеге тұспа-тұс келіп отыр. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Себебі бүгінгі кездесу түрлі бағыттағы ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтереді», - деді мемлекет басшысы елордада өткен кездесуде.
Сондай-ақ ол әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұрғанын айтты.
Қасиетті Рим папасы, осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздің бүкіл әлемдегі қызметіңізге жоғары баға бергім келеді. Сіз Қазақстанға адамзат тарихындағы айрықша кезеңде келдіңіз. Бүгінде әлемдегі халық жар шетінде тұр деуге болады. Өйткені геосаяси шиеленіс артып, жаһандық экономика зардап шегіп жатыр және этникалық, діни төзімдер арасында толқын-толқынмен ушығып тұр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Рим папасы Франциск Қазақстанға ризашылығын білдірді.
Ең бастысы біз адам құқығын білуіміз керек әрі онымен бірге міндеттер жүретін ұмытпауымыз керек. Сіздерге Қазақстанда өлім жазасын толық жойғандарыңыз үшін зор ілтипатымды білдіремін. Бұл елде ой және сөз еркіндігі бар әрі қоғамның әрбір мүшесі тең құқылы, - деді ол.
Айта кетейік, 14 қыркүйекте Рим папасы Әлем және дәстүрлі діндер съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтандағы Әлем және келісім сарайы алдындағы саябақта ағаш егу шарасына қатысады деп жоспарланып отыр. Рим папасы діндарлар алдында дұға жасап, бата береді.
Еске салайық, 2020 жылы Қазақстан өлім жазасын ресми түрде алып тастаған еді.