Ол жыл соңында пайдалануға беріледі
Былтыр Ақтауда қыркүйек айында студенттерге арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталған болатын. Биыл ол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қабатты жатақхана 3 блоктан тұрады. Жалпы ауданы — 10 723 шаршы метр. Жатақхана жобасында 2 және 3 орындық бөлмелер, медициналық пункт, буфет, оқу бөлмесі, жиналыс залы, киім жуу бөлмесі қарастырылған.
Қазір жатақхананы ішкі әрлеу, инженерлік желілер жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жатақхана 80 пайызға дайын.